Freedom Inside '26

Енді тек 5 жылдық тәжірибесі бар турфирма ғана қажылыққа апара алады

Енді тек 5 жылдық тәжірибесі бар турфирма ғана қажылыққа апара алады
ашық дереккөз

ҚМДБ ресми сайтында 2026 жылы қажылық пен умра сапарына апаратын туристік фирмаларға арналған байқау жарияланды, деп хабарлайлы Dalanews.kz.

Мүфтияттың қойған негізгі талаптары мыналар:

«Қажылық-2026» маусымына дайындығы жөнінде және нақты игере алатын қажылық орындары туралы ҚМДБ-ға өтініш хат жолдау;

ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес берілген туроператорлық қызметке арналған мемлекеттік лицензиясы және «Туристік қызмет туралы» заңның 27-3-бабы 1-тармағына сай қосымшасының болуы;

Салық комитетінде тіркелгенін растайтын куәліктің және салықтың төленгенін дәлелдейтін құжаттардың болуы;

Қажылық пен умраны ұйымдастыруда кемінде 5 жылдық тұрақты оң тәжірибесін айғақтайтын құжаттардың болуы;

ҚР заңдарын және Сауд Арабиясы Корольдігі тарапынан қойылған талаптарды бұзбауы;

Қазақстан аумағында халыққа сапалы қызмет көрсете алатын кеңсесінің болуы.

Құжаттарды қабылдау 18–31 тамыз аралығында жүргізіледі.