Енді SMS алған жастар әскери комиссариатқа келуге міндетті

Көркем Алдабергенова 10 жел. 2025 11:16

Енді SMS алған жастар әскери комиссариатқа келуге міндетті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс кулуарында журналистерге Қорғаныс министрінің орынбасары Қаныш Әбубәкіровтің айтуынша, әскери есепте тұрған азаматтарға жолданған SMS шақырту заңды күшке ие болады және олар міндетті түрде әскери комиссариатқа баруы тиіс.

"SMS-ті алған әрбір шақырылушы жергілікті басқармаға баруға міндеттеледі. Біз бір шақырғанда 20 мыңнан аса сарбазды шақырамыз. Оның ішінде жедел профилактика өткізіп шақыратын 5-10 ғана жағдай болады. Ол 3-4 шақыруға келмеген азаматтар. Ал отан алдындағы борышын өз еркімен келіп атқаратындарға мемлекет кредиттік каникул береді. Кеше ғана сарбаздар оқу орындарына грантқа түсті", - дейді Әбубәкіров. 

Егер хабарламаға жауап бермей, шақыртуды елемесе, әскерге жауапты мамандар ондай жастарды полицияға тапсыратыны мәлімделді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар