«Еңбек» бағдарламасы. ШҚО-да биыл оқуын аяқтаған 1,8 мың адамның 1,6 мыңы жұмысқа қабылданған

Dalanews 13 жел. 2021 06:50 855

Шығыс Қазақстан облысында «Еңбек» бағдарламасы табысты жүзеге асуда. Бүгін ШҚО Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов Аймақтық коммуникациялар орталығында журналистермен жүздесіп, «Еңбек» әлеуметтік бағдарламасына жүзеге асыру барысында 11,7 млрд теңге бағытталғанын алға тартты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Облыс аумағында жүзеге асып жатқан «Еңбек» халықты жұмыспен қамту бағдарламасы аясында кәсіппен айналысқан азаматтарды техникалық тұрғыдан қолдау, кәсіби біліктілігін көтеру және қысқа мерзімде оқу курстарын ұйымдастыру ісіне баса көңіл бөлініп отырғанын атап айтуға болады. Осы қолға алған шаралар өңір халқынның жаппай кәсіпкерлікпен айналысуына ықпал етуде.

ШҚО Аймақтық коммуникациялар қызметінде ұйымдастырылған баспасөз мәслихатында ШҚО Халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары Досхан Қайырғазинов биыл Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Еңбек» әлеуметтік бағдарламасына жүзеге асыру барысында 11,7 млрд теңге бағытталып, көптеген әлеуметтік бағдарламалар мемлекет тарапынан үлкен қолдауға ие болғанын алға тартты.

Айталық, жыл басынан аталымыш бағдаралаға қатысушылардың саны 31 мың адамды құрап, 26 мың адам жұмысқа орналасқан. Осы ретте олардың 16 мыңы тұрақты жұмыспен қамтылғанын айта кетуіміз керек.

«Еңбек» бағдарламасы жұмыссыз жүрген азаматтарды қысқа мерзімді оқыту курстарынан өткізуді көздейді. Бұл бағытта мектепті жаңа бітіріп еш жерде оқып, мамандық алмаған жастарға кәсіптік-техникалық мамандық беруге бағытталған. Өз кезегінде Досхан Қайырғазинов 2018-2020 жылдар аралғында оқуға қабылданған 4,5 мың жастың 1,8 мыңы биыл оқуын аяқтаған.

Сала басшысы оқу бітірген жастардың 1,6 мыңы жыл аяғына дейін жұмысқа қабылданатынын алға тартты. Ал жаңа кәсіпті меңгеруге аңсары ауған 1730 жас 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап оқуға қабылданған.

Сонымен қатар биыл қысқа мерзімді оқу курстараныа 1,5 мың адам қабылданып, олардың 1,2 мыңы оқуын аяқтаған. Қысқа мерзімді оқу курстарынан жаңа мамандықты меңгерген мың адам жұмысқа орналасқанын айта кетуіміз керек.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар