Ең көбі Ресейге жіберілген: 2025 жылы Қазақстаннан қанша қаражат аударылды?
Cағыныш Сардарова20 сәу. 2026 13:48
2025 жылы Қазақстаннан шетелге жіберілген ақша аударымдарының көлемі 718,9 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Бұл - трансшекаралық аударымдардың жалпы көлемінің 76 пайызы. Бір аударымның орташа сомасы 426,2 мың теңге болған.
Ең көп қаражат жіберілген елдер:
Ресей - 31,3%
Өзбекстан - 31,0%
Түркия - 17,0%
Грузия - 6,0%
Қырғызстан - 3,4%
Ал шетелден Қазақстанға келген ақша аударымдарының көлемі - 226,4 млрд теңге. Бұл - жалпы көлемнің 24 пайызы. Бір аударымның орташа мөлшері 377,6 мың теңге болған.