Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Фаранцияға жұмыс сапары басталды. Өз кезегінде Фарнция Президенті Эмманюэль Макрон Қазақстан Президентін ыстық ықласпен қарсы алып, Х әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында лебізін де білдірді, – деп хабарлайды Dalanews.kz.
Фарнция Президенті Эмманюэль Макрон өзінің Х әлеуметтік желісіндегі парақшасында
– Қош келдіңіз, қымбатты серіктес әрі дос. Сіздің мемлекеттік сапарыңыз Қазақстан мен Францияның, дәлірек айтсам қазақтар мен француздарды біріктіретін терең достықты нықтай түседі, – деп жазба қалдырды.