Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаян Мұқанғалиеваның ісі немен аяқталды?

Атыраудағы қанды қылмыс: Ақбаян Мұқанғалиеваның ісі немен аяқталды?
smartnews.kz коллажы

Мұқанғалиевтер отбасының өліміне қатысты сот процесі кезінде судья Зарема Хамидуллина Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты бөлек қозғалған қылмыстық істегі түсініксіз жайтқа назар аударған еді, деп хабарлайды dalanews.kz.

"Ақ Жайық" басылымының жазуынша, алдыңғы сот отырыстарының бірінде судья қылмыстық іс материалдарын, соның ішінде Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты материалдарды бөлек өндіріске шығару туралы қаулыны жариялады.

Сот отырысы барысында судья Мұқанғалиеваның психикалық ауруына байланысты ем қабылдап жүргеніне қарамастан, оған қатысты іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 434-бабы – "Қылмыс туралы хабарламау" бойынша қозғалғанына прокурордың назарын аударды.

"Ол қылмыс туралы хабарламағаны үшін қалай жауап беруі мүмкін?" – деп сұрады судья мемлекеттік айыптаушыдан.

Кейін Ақбаян Мұқанғалиеваға қатысты қылмыстық іс оның әрекетінде қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды.

Қазіргі уақытта ол ем қабылдауды жалғастырып жатыр.