«Әділет» партиясының Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізіміне Сенатта жұмыс істеген төрт саясаткер енгізілді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Партиялық тізімге бұрынғы сенаторлар Нұрлан Бекназаров, Евгений Больгерт, Бегалы Ералиев, сондай-ақ Сенат төрағасының бұрынғы орынбасары Ольга Перепечина енді.
Осылайша, партия құрамында Мәжіліс депутаттарымен қатар, Парламенттің жоғарғы палатасында қызмет атқарған тәжірибелі саясаткерлер де бар.
Айта кетейік, «Әділет» партиясының III кезектен тыс съезінде Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімі бекітілді. Тізімге мемлекеттік қызмет, білім беру, құқық, экономика, бизнес және қоғамдық сектордың өкілдері енгізілді. Сонымен қатар партия атынан Мемлекеттік кеңесші Ерлан Карин, бұрынғы оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов, Жоғары аудиторлық палатаның бұрынғы төрайымы Наталья Годунова және басқа да танымал тұлғалар ұсынылды.