Жасөспірімдер арасындағы жарыста 73 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша елордалық Едіге Емберді 136 келі зілтемірді серпе көтеруде күміс жүлдені, 173 келі зілтемірді жұлқа көтеруде «алтынды» қанжығалады.
Осылайша, байрақты бәсекеде жерлесіміз Едіге қоссайыстың нәтижесі бойынша (309 кг) Азия чемпионатының ең жоғары көрсеткішіне сәйкес жастар арасында ауыр атлетикадан әлемдік рекорд орнатты.
Айта кетейік, Едіге 1 ай бұрын Мексикада өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 306 нәтижесімен рекорд қойған болатын.
Бұған дейін 17 жасқа дейінгі 55 келі салмақ дәрежесіндегі отандастарымыз – Ерасыл Омаров 228 кг қоссайыста қола жүлде иегері, Дарья Балабаюк 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 86 кг зілтемірді жұлқа көтеруде күміс медаль иегері атанған болатын.
Азамат Төлеген 150 келі зілтемірді жұлқа көтеруде 2-орын иегері атанса, 262 кг қоссайыста 3-орынға ие болды.
Айта кетейік, Ташкентте өтіп жатқан Азия чемпионаты 25 шілдеге дейін жалғасатын болады.