Елордада нашақорлыққа қарсы 30 күндік акция басталды

Ақтоты Жапатова 04 қыр. 2025 12:15

Елордада «Заң және тәртіп» қағидаты аясында нашақорлықтың алдын алу мақсатында 30 күндік кешенді шаралар басталды,- деп хабарлайды Dalanews.kz

Полиция департаментінде прокуратура, полиция және нашақорлықтың алдын алу мен есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық штаб мүшелерінің қатысуымен кеңес өтті.

«Нашақорлық пен есірткі қылмысына қарсы күрес – құқық қорғау органдарының басты міндеттерінің бірі. Бұл барлық құрылымның белсенді өзара іс-қимылын талап етеді. Біз жүйелі профилактикаға басымдық беріп отырмыз және тек қоғаммен бірлескен жұмыс қана жастарды қорғауға әрі азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз», - деп атап өтті Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қуаныш Орынбетов.

Кешенді шаралар аясында бірлескен рейдтер, оқу орындарында профилактикалық кездесулер өткізу, сондай-ақ тыйым салынған заттарды тарататын интернет-ресурстарды анықтап, жою жұмысы көзделген.

Ерекше назар жастармен өзара байланысқа және халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға аударылады.

Қабылданған шаралар азаматтардың денсаулығын қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға және есірткі қатеріне тиімді түрде қарсы тұруға бағытталған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар