Елорда төрінде Шымкент әкімі атқарылған жұмыстардың есебін берді

Dalanews 09 жел. 2021 12:27 651

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің қатысуымен брифинг өтті. Онда үшінші мегаполис әкімі Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалуы мен қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады.

 

Қала шаруашылығы

Шымкентте өткен он бір айда барлық салада экономикалық өсім динамикасы байқалды. Экономиканың негізгі секторларына жеке тоқталар болсақ, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнеркәсіп өнім көлемінің индексі 6,3 пайызға, инвестиция көлемі – 55 пайызға, құрылыс жұмыстары – 9,6 пайызға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер алаңы – 63,6 пайызға, бөлшек сауда көлемі – 9,8 пайызға артқан.

Мұрат Әйтенов тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру, оларға жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру жөніндегі міндеттер бірінші кезекте атқарылуы тиіс жұмыстар ретінде белгіленіп, қаланың инженерлік инфрақұрылымын дамытуға айрықша көңіл бөлінгенін жеткізді.

– Бес жыл ішінде халықты 100 пайыз таза ауыз сумен қамтамасыз етуіміз қажет. Бүгінгі күнге Шымкентте 5 елді мекен кестемен берілсе, 7 елді мекен тасымалды ауыз сумен қамтылған. Ағымдағы жылы 16 млрд. теңгеге су құбырының құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде 25 мыңнан астам адам сапалы ауыз сумен қамтылады. Жоспар бойынша 2023 жылы ауыз су мәселесі толығымен шешіледі. 16 елді мекенде электр энергиясының сапасы төмен. Биыл 9,8 млрд. теңгеге 19 нысанның құрылысы жүргізілуде. Нәтижесінде қамту деңгейі 95 пайыздан 97 пайызға жетеді. Ағымдағы жылы газбен қамту бойынша 5,9 млрд. теңгеге 18 нысанның құрылысы жүргізілуде. Қаланы газдандыру мәселесі 2025 жылы толығымен шешіледі, – деді қала әкімі.

Биылғы жылы тұрғындарды кәріз жүйесімен қамту деңгейі 52 пайыздан 54 пайызға жетеді. Даму жоспары бойынша 2025 жылы кәрізбен қамту көрсеткіші 75 пайызға жетпек.

 

Мың орынды клиниканың құрылысын басталды

Әкім журналситермен кездесуде қалада денсаулық сақтау саласындағы басты мақсат – қызмет сапасын арттыру екенін айтты.

– Жолдауда Президент медицина саласының инфрақұрылымын жақсартуды тапсырды. Бұл бағытта соңғы 2 жылда медицина мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту деңгейі 71,5 пайыздан 81 пайызға жететін болады. Одан бөлек, мемлекеттік медициналық ұйымдар 100 пайыз жаңадан компьютерлік техникамен қамтамасыз етілді. Сонымен бірге, жеке инвесторлардың есебінен 5 медицина және ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталықтары ашылады. Қазіргі таңда екі емхананың құрылысы, №1-ші ауруханадағы трансплантация орталығын жаңарту жұмыстары жүргізілуде, –деді Мұрат Әйтенов.

Брифинг барысында қала әкімі биылғы жылы 1000 орындық клиниканың құрылысын бастау үшін, жергілікті бюджеттен инженерлік инфрақұрылымын тартуға 835 млн теңге бөлініп, құрылыс жұмыстары басталғанын атап өтті.

 

Бизнес. 70 жобаға 2,5 млрд теңгеге бөлінді

Мұрат Әйтенов нгте Мемлекет басшысының «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы» бағдарламаларының мерзімін бір жылға ұзарту жөніндегі шешімі  кәсіпкерлер үшін үлкен мүмкіндік екенін де алға тартты.

– Қалада «Бизнестің жол картасы – 2025» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға 8,9 млрд теңге бөлінген. Бүгінде бағдарлама шеңберінде 7,8 млрд теңгеге 1 946 жобаға қолдау көрсетілді. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 2021 жылға 2,9 млрд теңге бөлінді. Бүгінгі күнге құны 57,8 млрд теңгені құрайтын 70 жобаға 2,5 млрд теңгеге қолдау көрсетілді. Аталған жұмыстар келесі жылы да жалғасатын болады. Сонымен қатар, «Мен кәсіпкер боламын» жобасымен әйелдер мен жастар кәсіпкерлігін дамыту үшін жергілікті іс-шара жоспары іске асырылуда. Аталған іс-шара аясында 10 мл. теңгеге дейін 1%-дық 6 шағын несиелер беру қарастырылған. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 1,1 млрд. теңге қаржы бөлінді, – деді шаһар басшысы.

«Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1 млрд теңгеге 70 жоба қаржыландырылған.

Қалада кәсіпкерлерге ыңғайлы жағдай жасау үшін «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» кәсіпкерлерге қызмет көрсетудің бірыңғай орталығы құрылған. Фронт-офисте кәсіпкерлер бизнес-жоспарды әзірлеуден бастап жобаны пайдалануға беруге дейінгі қызмет тұрлерін алады. Оның ішінде барлық рұқсат беру құжаттарын қаржыландыру және рәсімдеу бойынша көмек көрсетеді. Бүгінге фронт-кеңсенің қызметіне 34 мыңнан астам азамат жүгінді. Сонымен қатар, ағымдағы жылы кәсіпкерлердің жеңілдетілген несиеге қол жеткізуі үшін «Shymkent – Atameken» микроқаржы ұйымы құрылған.

 

Жұмыспен қамту. Шымкенттеәлеуметтік көмек алушылар 36 мыңнан 11 мыңға дейін қысқарды

Шымкентте халықты тұрақты жұмыспен қамту арқылы әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың санын азайтуға баса көңіл бөлінуде.

– Есепті кезеңде «Еңбек» бағдарламасымен 32 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды. Сонымен бірге, экономика салаларында 24 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Осының есебінен атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасы саны ағымдағы жылдың басындағы 36 мыңнан 11 мыңға дейін азайды, – деді шаһар басшысы.

Қалада инклюзивті орта құру міндеті де басым бағыттағы жұмыстың бірі болып айқындалған. Бұл бағытта биылғы жылы мүгедектігі бар азаматтарды қолдау үшін бюджеттен 3,7 млрд теңге қаржы бөлінген.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, осы мақсатқа 2020 жылы 3,1 млрд теңге бағытталған болатын. Одан бөлек, 8 үкіметтік емес ұйымдар арқылы 2 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі азамат арнаулы әлеуметтік шараларымен қамтылған.

Осы санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыру, оларға құқықтық және психологиялық көмек көрсету мақсатында «Тең қоғам», көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдау мақсатында «Бақытты жанұя» орталықтары ашылған.

 

Үшінші мегаполист

Шымкенттің дамуы Мемлекет басшысының тұрақты назарында екенін   Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Шаһардың өмір сүруге жайлы қалаға айналуы және мұнда қәуіпсіз орта қалыптастыру жұмыстары жоспарлы түрде іске асып жатқанын жеткізді.

– Қалада 747 әлеуметтік маңызы бар көшелердің 220-сы жарықтандырылған. Ағымдағы жылы мемлекеттік-жекешелік әріптестігі аясында 71 көшеде құрылыс жұмыстары аяқталды. Нәтижесінде, жарықтандыру деңгейі 29 пайыздан 43 пайызға жетеді. 2025 жылы 75 пайызға жеткізу көзделген, –деді қала әкімі.

Еліміздегі үшінші мегаполисте қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жаңадан 3177 бейнебақылау камералары орнатылған. Нәтижесінде, қала аумағын шолу көрсеткіші 3 есеге артқан. Бұл шаралар қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын-алуға үлкен септігін тигізуде. Қазірдің өзінде бірқатар көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады.

Салыстырмалы түрде айтар болсақ, ағымдағы жылдың 11 айында жалпы қылмыстардың саны 6 пайызға азайған. Сонымен бірге, халық тығыз орналасқан шағын аудандарда заманауи 100 мобильді полиция бекетін салу жоспарланған. Қазіргі таңда, 7 мобильді бекеттің құрылысы аяқталуға жақын. Келесі жылы бұл бағытта қарқынды жұмыстар жүргізілмек.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар