Елорда. Татар-башқұрт мәдени орталығының 30 жылдығы аясында Сабантуй ұйымдастырылды

Жарбол Кентұлы 22 шіл. 2024 01:17 707

Астанада татар-башқұрт мәдени орталығы өзінің 30 жылдығын ұлттық Сабантуй мерекесімен атап өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz Астана қаласы  әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін мереке Қазақстан халқы ассамблеясы мен демеушілердің қолдауымен ұйымдастырылды.

«Сабантуй» татар және башқұрт халқының мәдениетін, ана тілін сақтауға деген ұмтылысты, қонақжайлылықты бейнелейді және түрлі этностардың бірлігіне ықпал етеді.

– Сабантуй – татар-башқұрттың ұлттық мерекесі. Біз оған алдын ала дайындалдық. ҚХА, «Қоғамдық келісім» КММ және Астана әкімдігінің арқасында ол жыл сайын Қазақстан елордасында өтіп келеді.

Біздің мерекеміз ЮНЕСКО-ға енгізілген және Қазақстанның барлық өңірінде ғана емес, бүкіл әлемде атап өтіледі. Міне, Астана қаласының әкімдік жанындағы алаңында халқымыздың шығармашылығын көрсетіп, концерт өткізіп жатырмыз. Бұл біздің өмірімізден, мәдениетімізден, тілімізден, дәстүрімізден сыр шертеді, – деп атап өтті татар-башқұрт мәдени орталығының құрметті төрағасы, Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің мүшесі Рафик Валиев.

Мерекеге бірнеше жүз адам қатысты. Ал концерттік бағдарламаға 150-ге жуық адам қатысты. Қолөнершілер ұлттық бұйымдарды, оның ішінде киім-кешек, тұрмыстық заттарды жұртшылыққа ұсынды, сонымен қатар дәстүрлі тағамдардан дәм татуға болады.

Қазақстанның татарлары мен башқұрттары конгресінің жетекшісі Тауфик Каримовтың айтуынша, сабантуй мың жыл бұрын пайда болған. Бұл халықтың «соқа мерекесі».

– Жалпы, бұл ауыл мерекесі, халықтық мереке және әдетте ауылда, егін егілгеннен кейін, жақсы өнім алу үшін өткізіледі. Ат жарысы, күрес ұйымдастырылады. Сабантуй әдетте асфальтта өтпейді. Бірақ қалалық жағдайда біз төсеніштің үстінде тойлаймыз, басқа жол жоқ. Ал ауыл тұрғындары, әрине, топырақ үстінде, көгалда тойлайды, – деді ол.

Қазіргі сабантуй Астананың «Тан» татар-башқұрт орталығының 30 жылдығына арналған. Мерекеге Татарстаннан келген әртістер Алсу Ахмедзянова мен Марат Кәрімов қатысты.

Мерекеге Астанаға Қазақстанның басқа өңірлерінен де өкілдер келді.

– Біз Семейде де жыл сайын осы мерекені атап өтеміз ол – Ертіс сабантуй деп аталады. Мұнда көптеген адам жиналады – шамамен 10-15 мың. Биыл «Ертіс сабантуй» Омбыда өтеді, оған міндетті түрде қатысуды жоспарлап отырмыз. Біз әлемдегі татарлармен байланыстамыз. Сабантуй әлемнің барлық дерлік елінде – Жапонияда, Австралияда, Канадада, Америкада, Германияда өткізіледі. Бұл – достық мерекесі, – деп атап өтті Абайы облысының мәслихат депутаты Рафаил Әзіпов.

Концерттік бағдарламада Татарстан мен Қазақстан қалаларының әртістері өнер көрсетті. Сондай-ақ, қонақтар халықтық ойындар мен жарыстарға қатысып, ұлттық татар және башқұрт киімдерінің көрме-сатылымын тамашалап, ұлттық тағамдардан дәм татты.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар