лордада «SHARE» пилоттық жобасы іске қосылды. Үш күндік семинар барысында шетелдік қонақтар «мектеп көрінісі», «білім берудегі көшбасшылық», «іс-әрекеттегі практиканы зерттеу» сессияларын өткізеді, оқушылармен кездесіп, білім беру жүйесінің тәжірибесімен бөліседі.
Жобаға қаланың 5 мектебі қатысуда. Қала әкімі Алтай Көлгінов шетелдік тәжірибе алмасу – әлемдік тренд, «тек білім арқылы ғана табысқа жетуге болады» деп атап өтті.
– Сіздер жаңа әдістеме арқылы білім алып, біліктіліктеріңізді арттыру үшін қолайлы жағдай жасаймыз. Сіздің мәртебеңіз оқыту сапасына тікелей байланысты. Егер бала таңертең мектепке асық болса, аса қуанышпен сабақ оқыса – бұл сіздің жетістігіңіз. Мектеп директоры қандай импульс пен бағыт берсе, мектеп те сондай болмақ. Елордада халық санының өсуі байқалады, оның ішінде оқушылар саны өсуде. Балалардың болашағы, олардың білімі сіздерге байланысты, – деп атап өтті А. Көлгінов.
Елорда әкімі тәжірибе алмасу бойынша осындай жобалар басқа мектептерде де өткізілетінін атап өтті.