Елорда әкімі екі күнде 54 тұрғынды қабылдады

Dalanews 22 қыр. 2019 16:12 808

Елорда әкімі Алтай Көлгінов азаматтарды жеке қабылдау аясында 54 тұрғынды қабылдады.

«Елорда әкімі А.Көлгінов сенбі және жексенбі күндері азаматтардың жеке қабылдауында 50-ден тұрғынды қабылдады. Азаматтардың негізгі мәселелері қатарына, әлеуметтік блок бойынша тұрғын үй сатып алу, білім алу, балаларды балабақшаларға кезекке қою, атаулы әлеуметтік көмек алу және тағы басқа жатады», - деп жазылған қала әкімдігінің Facebook парақшасында.

Сонымен қатар, ақпаратта 20 қыркүйек күні қала әкімі А. Көлгінов пен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Б. Нұрымбетов аз қамтылған отбасылармен кездескені айтылған.

«Әкім мен министр аз қамтылған отбасылармен кездесіп, АӘК алу, тұрғын үй алу, медициналық көмек алу және т.б. тетіктерін түсіндірді. Сол күні қала әкімі А.Көлгінов тұрғындарды Сарыарқа ауданының әкімдігінде орналасқан Open akimat қабылдады», - делінген ақпаратта. Ведомство мәліметінде айтылғандай, қала басшысы үш айдан аз уақыт ішінде 400 адамды қабылдаған.

«Азаматтарды қабылдау аудан әкімдігі мен «Жанұя» отбасы институтын қолдау орталығында жүйелі түрде жүргізілуде.

Орталықта «бір терезе» қағидаты бойынша 70-тен астам мемлекеттік қызмет көрсетіледі», - деп хабарлайды әкімдік.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар