Елжан Біртановтың экс-әріптесі дүние-мүлкін қайтара алмай жүр

Сағыныш Сардарова 09 сәу. 2024 20:21 2150

Бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев 2020 жылы тергеу аясында тінту кезінде көлігі мен қолма-қол ақшасы заңсыз тәркіленгенін мәлімдеді. Оның айтуынша, АФМ қызметкерлері мүлкін қайтарудан бас тартып отыр, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Бұрынғы шенеунік заң бұзылды деген пікірде.

"2020 жылы тамызда тергеу барысында АФМ (Қаржы мониторинг агенттігі - еск.) қызметкерлері менің көлігімді тәркіледі және процедуралық нормаларды бұзып, үйімнен ақша алды. Енді сот шешімі менің мүлкім тәркіленбейтінін көрсетіп отыр. Сондықтан тәркілеу туралы шешім болмаса, мүлік қайтарылуы керек: көлік, кілттер мен ақша", - деді Әбішев Press.kz басылымына.

Оның сөзінше, Қаржы мониторинг агенттігі қызметкерлері көліктің кілтін және ақшаны таба алмай отыр.

"Олар кінәлілерді таба алмай отыр, сонымен қатар, мүлік тәркіленбейтініне қарамастан, бұл заң бұзу болса да, оларды қайтарудан бас тартып отыр. Осы деректің барлығы прокуратураға берілді. Прокурорлар шара қолданады деп күттім, бірақ бұлай тез емес. Прокуратура АФМ (Қаржы мониторинг агенттігі - еск.) қызметкерлеріне қатысты "жымқыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады", - деді ол.

Әбішевтің айтуынша, агенттік кінәлі адамдарды таппағанын мәлімдеген. Дегенмен ол бұл жауапқа күмәнданады.

"Енді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қылмыстық іс тіркелді ме және қандай жағдайда кім жасағанын, кім кінәлі екенін анықтап жатыр. Олар жауапкершілікке тартыла ма екен, көрейік", - деді ол.

2022 жылы қазанда бірінші сатыдағы сот Елжан Біртанов пен Олжас Әбішевті лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланғаны үшін кінәлі деп таныды. Біртановқа 5 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза, Әбішевке 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.

Сотталғандардың екеуіне де мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға өмір бойы тыйым салынды. Сонымен қатар, Әбішев пен Біртановтан Денсаулық сақтау министрлігінің пайдасына 1,3 миллиард теңге өндіруді талап етті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар