Freedom Inside '26

Елімізге белгілі кардиолог өмірден өтті

Елімізге белгілі кардиолог өмірден өтті
ашық дереккөзден

Қазақстан медицинасы орны толмас қазаға ұшырады. Белгілі кардиолог, медицина ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері Сәуле Райымбекқызы Әбсейітова дүниеден өтті, деп хабарлайды dalanews.kz.

Сәуле Әбсейітова еліміздегі жетекші кардиологтардың бірі болды. Ол Қазақстан Кардиологтар қауымдастығының төрайымы ретінде жүрек-қан тамырлары ауруларын емдеу, алдын алу және отандық кардиология саласын дамытуға зор үлес қосты.

Білікті дәрігер саналы ғұмырын адам өмірін сақтауға, медицина ғылымын жетілдіруге және жас мамандарды тәрбиелеуге арнады. Оның кәсіби шеберлігі мен адамгершілік қасиеті әріптестері мен пациенттері тарапынан жоғары бағаланды.

Сәуле Райымбекқызының мыңдаған науқастың өміріне араша түскен еңбегі қазақ медицинасының тарихында өшпес із болып қалмақ.

Марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыра көңіл айтамыз.