Қазақстанда халықтың нақты табысы 0,1 пайызға өскен, ал экономикадағы жалпы жұмыспен қамту деңгейі 9,4 млн адамға жетті. Бұл туралы Үкімет отырысында премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Оның айтуынша, бұған жылдық инфляция баяулауы ықпал етті, ол маусым айында 10,3 пайызға дейін төмендеді. Мемлекет басшысының азаматтардың әл-ауқатын жақсарту жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жаңа өндіріс орындары мен жоғары өнімді жұмыс орындарын құруға бағытталған халықтың табысын арттырудың кешенді жоспары қабылданған.
"Экономикада жұмыспен қамту деңгейі өсімді жалғастырып, 9,4 млн адам болды. 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте тұрақты жұмыспен қамтылғандар саны - 4,5 млн адам", - деді Серік Жұманғарин.