Елдің сынына ұшыраған "депутатқа" қатысты ІІМ орынбасары түсініктеме берді

Қаракөз Амантай 08 ақп. 2024 16:48 3172

Бүгін Сенат отырысында БАҚ өкілдері ІІМ орынбасары Игорь Лепехадан елдің сынына ұшыраған Мәжіліс депутаты Анас Баққожаевтың сөзіне қатысты пікір білдіруін сұрады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Алайда Игорь Лепеха көңіл көншітерліктей жауап бермеді. Ол депутатқа қатысты нақты түсініктеме бере алмайтынын кесіп айтты.

"Мен депутаттың ұстанымына түсініктеме бере алмаймын. Себебі әрбір азаматтың, әсіресе депутаттың жеке ұстанымы болуға құқылы. Тыңдадық және оның ұстанымын ескердік. Мүмкін ол нақты біреуді айтқан шығар. Мен оны жеке білмегендіктен ол туралы ештеңе айта алмаймын. Екіншіден, мемлекеттік қызметкер ретінде мен оған қатысты өз пікірімді айтуға құқым жоқ", - деп жауап берді Игорь Лепеха.

Еске салайық, бұған дейін Мәжілісте тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты жазаны қатаңдату бойынша заң жобасы таныстырылған еді. Онда сөз сөйлеген Мәжіліс депутаты Анас Баққожаев "отбасындағы жанжал тілі ұзын әйелден шыға" деп мәлімдеген болатын.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар