Қазақстанның Қаржы моноторинг агенттігі бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Әділбек Сәрсембаевты қолға түсірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Ол 2025 жылдың 12 желтоқсанында елден шығып, БАӘ-ге ұшуды жоспарлап отырған.
Сәрсембаев әскери техника сатып алу кезінде жасалған алаяқтық бойынша күдікке ілінді. Аталған әрекет мемлекетке 600 млн теңге шығын келтіргені белгілі болды. Қазіргі кезде оған қатысты қамау шарасы қаралып жатыр. Егер кінәсі дәлелденсе, ол заң бойынша жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
