Қазгидрометтің мәліметінше, биыл сәуірде Қазақстанның 15 елді мекенінде ауаның ластану деңгейі жоғары және өте жоғары болған, деп хабарлайды dalanews.kz.
Ауа сапасы ең нашар қалалар қатарында Қарағанды мен Петропавл аталды. Мамандар бұл екі қаладағы ахуалды "өте жоғары ластану" деңгейіне жатқызған.
Сонымен қатар, Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Өскемен, Павлодар, Теміртау және өзге де бірнеше қалада ауаның ластану деңгейі жоғары болған.
Ел бойынша 36 елді мекенде ауа сапасы төмен ластану деңгейінде. Ал 17 елді мекенде ластану деңгейі артқан. Оның ішінде 13 қалада көрсеткіш жоғары деңгейге жетсе, екі қалада өте жоғары деңгей тіркелген.
Мамандардың айтуынша, бұған азот диоксиді, күкірт диоксиді мен көміртек тотығы әсер еткен.