Сенатордың айтуынша, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер еліміздің ішінде өңдеу саласын дамытуға мүдделі емес және бірыңғай шикізат экспортына бет бұрған.
Салалық министрліктің ақпараты бойынша, 2021 жылы АӨК өнімі экспортындағы жалпы көлемнің тек 37%-ы ғана өңделген тауарлардың үлесіне тиіп отыр.
– Астық өңдеу кәсіпорындары небәрі 33% қуатымен жұмыс істеп келеді. Қазақстанның астық өңдеушілер одағының мәліметтері бойынша, бүгінде еліміздегі әрбір төртінші диірмен ғана жұмыс істейді.
Өсімдік шаруашылығы өнімдерінің экспорты ұлғайып жатқан кезде, оның көлемі 2021 жылмен салыстырғанда 14%-ға ғана өскен. Нақты талдаудың, тиісті қолдау шаралары мен қауіптерді бағалаудың жоқтығынан Қазақстан көрші елдердегі өңдеу саласын дамытуға ықпал етіп отыр, – деді Әлібек Нәутиев.
Сенатор сонымен қатар ауыл шаруашылығы министрлігі 5 жыл бойы еліміздегі Астық өңдеуді қолдау және дамыту жөніндегі жол картасын келісе алмай келе жатқанын атап өтті.
Өз өндірісіміздің төмендеуіне байланысты нарық импорттық азық-түлікке толып кетті. 2021 жылмен салыстырғанда ашытылған сүт өнімдері, сүт, ет консервілері, ірімшік және сүзбе, сары май өндірісі 4-тен 9%-ға дейін төмендеді.
Депутат осыған байланысты Үкімет басшысына проблемаларды шешу шараларын ұсынды.
– Бірінші кезекте АӨК көлемдерін ұлғайту мен өңдеуге басты назар аударылуы тиіс. Біздің ойымызша, оған топырақтың құнарлылығы мен жем-шөп базасы бар аймақтардың салаға бейімделуін ескере отырып қол жеткізуге болады. Ол өнімнің өзіндік құнының негізін құрайды. Субсидиялау тетіктерін қайта қарау да маңызды. Талдау көрсеткендей, ауыл шаруашылығының одан әрі дамуы шаруашылықтардың ұйымдасуына байланысты, ал жеке қосалқы шаруашылықтарды қолдаудың нақты әсері жоқ.
Тауарлардың импорты ұлғая түскен кезде нарықты қорғау шараларына маңыз беру және күшейту керек. Сонымен қатар, отандық өнімді экспорттау кезінде басқа елдердің көптеген кедергілері мен тосқауылдарына жауап ретінде дәл сондай шараларды қолдану керек, – деді Нәутиев.
https://dalanews.kz/news/89268-qaytqan-malda-qayyr-bar-nazarbaevan