«Ауыл» ХДПП төрағасының бірінші орынбасары Төлеутай Рахымбековтың айтуынша, азаматтарды толғандыратын мәселелердің тізімі анықталды. Бұл денсаулық сақтау, білім беру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, жастар саясаты, тұрғын үймен қамтамасыз ету, ауыл мен ауыл шаруашылығын дамыту.
– «Ауыл» партиясы еліміздің жергілікті қоғамдастықтарымен үнемі байланыста бола отырып, әр өңірдің ең өзекті мәселелерін анықтады. Бүгінгі таңда партия оларды білуге ғана емес, сонымен қатар осы мәселелерді жергілікті жерлерде тиімді шешу үшін билікке ықпал етуге тырысады. Партия өзінің саяси платформасын жетілдіру үшін үнемі жұмыс істейді. Сондықтан осындай сауалнама жүргізу біздің көзқарастарымызды түзетуге, азаматтарымызды толғандыратын ең өзекті мәселелерді шешу мақсатында мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл бойынша пәрменді шаралар әзірлеуге мүмкіндік береді, – деп сендірді Рахымбеков.
Ол сондай-ақ аманат сөзінің өзі қазақ тілінде ерекше мәнге ие екенін еске салды. Сондықтан барлығының проблемалары және әркімнің дауысы маңызды.
«Біздің ойымызша, жұртшылықтың түрлі әлеуметтік және экономикалық проблемаларын қамтитын, барлық қазақстандықтарды толғандыратын 15 мәселені алдын ала іріктедік. Олар халықтан партия атына келіп түскен көптеген хаттар мен сұраныстар негізінде құрастырылған. Бірақ ұсынылған сұрақтарға жауаптардан басқа, сіз маңызды деп санайтын өз проблемаларыңыз бен бағыттарыңызды қосымша енгізе аласыз», – деп отандастарымызды белсенді қатысуға шақырды Рахымбеков.