Экс-министр Мұхамедиұлымен байланысты болған 1,3 миллиард теңгенің активі мемлекетке қайтарылды

Экс-министр Мұхамедиұлымен байланысты болған 1,3 миллиард теңгенің активі мемлекетке қайтарылды
Tengrinews.kz

Прокуратура құны 1,3 миллиард теңге болатын "Қазақ энциклопедиясын" мемлекет меншігіне қайтарды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Алматы прокуратурасы сот арқылы 2015 жылы заңсыз жекешелендірілген "Қазақ энциклопедиясы" ЖШС-ны мемлекет меншігіне қайтарды.

Тек кәсіпорын емес, Алматыдағы ғимарат пен оған тиесілі жер телімі жөнінде де сөз болып отыр. Осылайша жалпы құны 1,3 миллиард теңге болатын актив мемлекетке қайтарылуға тиіс.

Прокуратура мәліметінше, мүлік бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлымен байланысты компанияның иелігінде болған.