Экс-депутат күздегі ауыс-түйіске саяси болжам жасады

Экс-депутат күздегі ауыс-түйіске саяси болжам жасады
ЖИ: Dalanews.kz

Экс-депутат Самат Нұртаза күздегі ауыс-түйіске саяси болжам жасады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Самат Нұртазаның сөзінше, қыркүйекте президент Ұлттық Құрылтай депутаттарының алдында Қазақстан Халқына жолдау жасап, Еліміздің бағытын айқындайды. Қоғамды алаңдатып отырған проблемаларға тоқтап, өз ойы мен пікірін білдіреді. Соңғы кездегі әйелдерге жасалған қылмыстарға ерекше тоқтап өтуі де ықтимал.

Содан кейін, президентіміз Қ.Тоқаев депутаттарға болашақ:

  • Вице-президент
  • Құрылтай спикері
  • Премьер-министр
  • Халық Кеңесінің төрағасы кандидатураларын ұсынады. Құрылтайдың 145 депутаты президенттің парасатты ұсынысын көпшілікпен қолдайды. (Ұсыныс қабылдану үшін 50%+1 дауыс жеткілікті), - дейді экс-депутат. 

Экс мәжілісмен Тоқаев вице-президент ретінде кімді ұсынатынын білмейтінін айтады.

Сіздер де тек болжап отырған боларсыз. Ары кетсе сол Елге еңбегі сіңген 5-6 адамның ішінен лайықты азаматты ұсынып қалар деген ойым бар. Бұл лауазым болжауға келмейтін, ең терең позиция. Премьер-министрдің кандидатурасы нақтыланған соң, жаңа премьер қол астындағы 22 министр мен 4 вице-премьердің тағдырын шешеді. Егер кенеттен, О.Бектеновтың мерзімі ұзартылса (кезінде А.Смаиловты ұзартқандай), онда министрлер арасында ауыс-түйіс аздау болады деп ойлаймын. Вице-премьерлер тіпті орнында қалу ықтималдығы зор. Бірақ Халық арасында - премьер-министр - Ж.Қасымбек яки Н.Нәлібаев болады деген әңгіме жүр. Уақыт көрсетер. Бастысы Қазақстанға абыройлы болсын. Осы екі кандидатурадан басқа, бүгінгі күні, қисыны келетін адам көріп тұрған жоқпын. Екеуі де іскер, екеуі де облыс әкімі болды, екеуі де еңбекқор тұлғалар, екеуі де президенттен мақтау естіді, - дейді экс-депутат. 

Оның сөзінше, Құрылтай төрағасы айқындалған соң, Құрылтай спикері өзінің 3 вице-спикерін ұсынады.

Әлбетте 145 депутат ол ұсынысты бір ауыздан қолдайды. Айта кететін бір жәйт: 3 вице-спикерді тағайындағанда “әйел” және “өзге ұлт өкілі” деген факторлар ескерілу тиіс. Біздің кезде өзге ұлт Альберт Рау болса, - әйел ретінде Дания Еспаева болды. Бірақ мүмкін өзге ұлт әйелді тағайындап, екі талапты бір адаммен жабады (мысалы: О.Перепечина, С.Имашева, Т.Савельева деген сияқты), - дейді Самат Нұртаза. 

Оның сөзінше, Халық Кеңесінің төрағасы ретінде, 2 кандидат қана бар.

Е.Қошанов және М.Әшімбаев. Саяси атмосфера мен жағдайдың қисыны да сол 2 адамнан басқа ешкімді қалдырмай отыр. Осы екеуінің біреуі Халық Кеңесін басқарып, екіншісі Ресейге елші болып кету ықтималдығы бар. Себебі Д.Абаевтың мерзімі аяқталды, ал Ресейге елші болу - ол өте жауапты, салмағы ауыр позиция. Оған жәй дипломатты жібермейді деп ойлаймын. Тяжеловес керек (кезіндегі А.Сәрсенбаев, И.Тасмағамбетов, М.Тажин, Ә.Жақсыбеков сияқты). Сөйтіп Құрылтай өз жұмысына кірісіп, Үкімет өз жұмысын бастап, Халық Кеңесі өз кеңесін жинап, өмір жалғаса береді, - дейді экс мәжілісмен.