Өңір басшысы бірінші кезекте дәрігерлердің тіркеуінен өтіп, дене қызуы мен қан қысымын өлшеп толық медициналық тексерткен. Содан кейін Қарағанды фармацевтика зауытында шығарылған «Спутник-V» вакцинасын салдыртты.
– Вакцинадан кейін жарты сағат арнайы бөлмеде мамандар бақылауында болдым. Қазір жағдайым жақсы, ешқандай жанама әсерлері байқалған жоқ. Мамандар екпе салынған жерге су тигізбей, жылы ұстап, күтініп әрі сақтық шараларын ұстанып жүруге кеңес берді, – деді облыс басшысы.
Сонымен қатар Махамбет Досмұхамбетов әлеуметтік желідегі жазбасында жексенбі күнге қарамастан көптеген Атырау қаласының тұрғындары емханаға келіп, вакцина алып жатқанын көргенін жазыпты. Дәрігерлер де халықтың жас-кәрі демей вакцина алуға деген белсенді түрде алып жатқанын айтыпты.