Екінші АЭС салуға қатысты референдум өте ме?

Көркем Алдабергенова 28 қаң. 2025 15:26 889

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда екінші атом электр станциясын (АЭС) салу бойынша референдум өткізуге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz

Сәтқалиевтің айтуынша, референдум өткізу қажеттілігі жоқ және ол өткізілмейді.

“Заңнамаға сәйкес, бұл станция Үкіметтің шешімі бойынша салынады”, – деп жауап берді ол.

Бүгін Үкіметтің кеңейтілген отырысы барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке екінші АЭС салуға орын іздеуді тапсырды.

Сонымен қатар,

Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов биыл Қазақстанда үш АЭС салынуы мүмкін екенін мәлімдеді.

"Алматы облысында алғашқы АЭС салу бойынша қажетті келісімдер жақын арада жасалады. Сондай-ақ екінші және үшінші атом электр станцияларын салуға болатын аймақтарды анықтау бойынша талдау жұмыстары аяқталуға жақын", – деді Бектенов. 

Еске салайық, Алматы облысы Жамбыл ауданы Үлкен ауылы маңында қуаттылығы 2–2,8 ГВт болатын атом электр станциясын салу мәселесі талқыланып жатыр.

Министрлік өкілдерінің мәліметінше, ядролық технология жеткізуші әлеуетті компаниялармен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар ұсыныстарды бәсекелестік негізде қарастыратын үкіметаралық комиссия құрылған.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар