Құтқарылған тұрғындардың жетеуі – бала. Құтқарушылар өртті небәрі жарты сағаттың ішінде сөндіріп үлгерді, деп хабарлайды Dalanews.kz.
Екібастұз қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мәліметінше, 7 ақпан күні сағат 07:08-де Абай көшесі, 49/2 мекенжайы бойынша орналасқан көпқабатты үйдің төртінші қабатында пәтер жанып жатқаны туралы хабарлама түскен.
“Өрт сөндірушілер оқиға орнына шұғыл жетті. Аталған мекенжайда екі бөлмелі пәтердің балконы мен қонақ бөлмесінде үй заттары жанып жатқаны анықталған. Өрттің аумағы 12 шаршы метрді құрады”, – делінген төтенше жағдайлар басқармасының хабарламасында.
Өрт сөндіру бөлімшелері баспалдақпен көтерілгенге дейін подъезде тұратын 20 адам өз бетінше далаға шығып үлгерген. Жалын сағат 07.25-те ауыздықталып, сағат 07.47-де сөндірілді.
Өрттің шығу себеп-салдары анықталуда.