Екі бірдей өңірде пойыз бен жеңіл көлік соқтығыса жаздады

Сағыныш Сардарова 24 ақп. 2026 17:37

Қазақстанның екі бірдей өңірінде пойыз бен жеңіл көлік соқтығыса жаздады. Екі оқиға бойынша да тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі мәліметінше, бірінші оқиға 23 ақпанда сағат 06:26-да Тараз-Шу учаскесінде болған.

Ақшолақ-Үшбұлақ аралығындағы теміржол өткелінде электровоз машинисі Chevrolet Cobalt көлігіне соқтығыспас үшін пойызды шұғыл тежеген. Салдарынан пойыз 22 минутқа кешіккен. Бұл ақпарат Тараз қаласының жол полициясына жіберілген.

"Екінші жағдай да 23 ақпанда сағат 15:35-те Арыс-Түлкібас учаскесінде болған. Шымкент-Қызылсай аралығында сағатына 51 шақырым жылдамдықпен келе жатқан №2230 пойыз машинисі жеңіл көлік жолға шығуына байланысты пойызды шұғыл тежеген. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен. Пойыз 16 минутқа кешіккен", - деп жазылған "ҚТЖ" хабарламасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove