Дизель отынының бағасы қолжетімді әлемдегі 10 ел қатарында Қазақстан да жүр

Кәмшат Тілеухан 04 қар. 2024 12:01 2056

Дизель отынының бағасы ең төмен әлемдегі 10 ел қатарында Қазақстан да жүр. Дегенмен бұл отын түріне қатысты елімізде машақат көп. Әсіресе, егін себіліп, жиналатын көктем мен күз айларында фермерлер оны таппай сеңдей соғылады, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Global Petrol Prices порталының мәліметінше, Қазақстан дизель отынына ең қолжетімді бағасы тіркелген әлемдегі 10 ел тізімін тұйықтайды.

Бұл тізімге мына елдер кіреді: Иран, Ливия, Венесуэла, Ангола, Мысыр, Кувейт, Алжир, Түркіменстан, Малайзия, Қазақстан.

Ресей бұл тізімде 14-орынға орныққан. Өз кезегінде дизельдің ең жоғары бағасы Гонконг, Монако, Исландияда тіркелген екен.

Айта кетсек, Қазақстанда дизель отынының сараланған бағасы белгіленген. Мәселен, диқаншыларға оның бір литрі 295 теңгеден босатылса, ал жанар-жағармай беккеттеріндегі баға 450 теңгені құрайды. Сондай-ақ 2023 жылдың шілдесінен бастап дизель отынын және мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін автомобиль көлігімен Қазақстан Республикасының аумағынан әкетуге шектеу енгізілген. Себебі тартымды бағаға байланысты көршлердің бұл өнім түрін елімізден автокөлікпен тасып әкету үрдісі басым. Сол себепті ішкі нарықта аракідік тапшылық бой көтеріп отырады. Ең жоғары баға Арменияда, мұнда дизель отынының бір литрі 800 теңге шамасында...

 

 

 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар