Димаштың француздарды таңқалдырған видеосы (видео)

Dalanews 07 мам. 2017 11:45 254

Қазақтың жас дарынды әншісі Димаш Құдайбергеннің Францияның орталық телеарнасында ән шырқаған сәті жарияланды.

Бұдан бұрын Димаш Францияның "France 2" орталық телеарнасындағы Еуропаның ең танымал бағдарламасы "Les années bonheur" кабаре шоуының құрметті қонағы болатынын хабарлаған еді. Шоуда жас әнші талғампаз француз жұртшылығын әсем даусымен тәнті етті. Француздар орындарынын тұрып, қол соғып, Димашқа ерекше қошемет көрсетті. Қазақ әншісі Димаш Құдайберген "Singer-2017" байқауы барысында Қытайда аса танымал болды. Үш айға созылған ән додасында Димаш 14 кезеңді сәтті бағындырып, екінші орын алды. Байқау барысында ол бірнеше марапатқа ие болды. "17th Top China Music Awards" шарасында "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" жүлдесін иеленді. Сондай-ақ Азиядағы ең беделді China Top music Awards сыйлығының "Азияның ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жеткен болатын. Айта кетейік, Димаш Құдайбергеннің алғашқы шоу концерті 27 маусым күні сағат 19.00-де "Астана-Арена" стадионында өтеді. Оған Лара Фабиан секілді әлемдік деңгейдегі жұлдыз, сондай-ақ басқа да бірқатар белгілі әншінің қатысуы жоспарланып отыр.

Қоғамдағы ащы шындықты айтқаны үшін үнемі басы дауға қалатын репер бұл жолығы әнін танымал тұлғаға арнады.Оның бар қателігін тізе отырып, ұрпақ тәрбиесіне тигізер кесірін сөз қылған. «Темір қатын» туындысын әнші  Қазақстан шоу-бизнесіндегі  ең танымал әйелге арнаған.

 

https://www.youtube.com/watch?v=44jyecSwdlE

 

Дереккөзі: sputniknews.kz

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар