Димаш Құдайберген Мысыр пирамидаларының жанында концерт берді

Сағыныш Сардарова 01 жел. 2025 17:01

Димаш Құдайберген Мысырдағы алғашқы жеке концертін өткізді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

30 қарашада The Pyramids Echo атты алғашқы фестиваль аясында Димаш Құдайберген жеке концертін ұсынды.

Бұл - Димаштың Африка құрлығындағы Мысыр пирамидаларының етегінде алғашқы өнер көрсетуі, сонымен қатар, ТМД елдерінен шыққан әртістің алғаш рет сахнаға шығуы.

Араб түнінің әуезінде қазақтың халық аспаптары ерекше әсерлі естілген. Stranger, "Адай" күйі және "Тау ішінде", "Дүрдараз", Let it be сияқты әндер біртұтас терең сиқырға айналып, көрермендерді шөл даланың арасымен жетелеп өткендей әсер берген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар