“Дикий Арманның” өзіне қол жұмсамақ болғаны рас па? — ІІМ жауап берді

Қаракөз Амантай 01 ақп. 2025 15:08 646

“Дикий Арман” лақап атымен белгілі Арман Жұмагелдиевке қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды Dalanews.kz.

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі Жұмагелдиевтің өзіне жеңіл дене жарақатын келтіргенін хабарлады.

“Сотталушы өзіне жеңіл жарақаттар салған. Дереу медициналық көмек көрсетілді, қазіргі жағдайы тұрақты. Сонымен қатар онымен мекеме психологтары профилактикалық жұмыстар жүргізіп жатыр. Оқиғаға қатысты қызметтік тергеу тағайындалды”, — деп мәлімдеді комитет өкілдері.

Еске салайық, 27 қаңтарда Арман Жұмагелдиевтің қылмыстық тобы Алматы қаласында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастыру және азаматтарды ұрлап әкету бойынша айыпталып, сотталды. 

Сот шешімімен Жұмагелдиев ҚР ҚК-нің бірнеше баптары бойынша кінәлі деп танылып, 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Ысқақов – 15,6 жыл, Құдайберген – 8 жыл, топ мүшелері – 10-15,5 жылға, басқа қатысушылар – 1,5-7 жылға сотталды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар