Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуров Астанада өткен жасанды интеллект бойынша халықаралық олимпиада жеңімпаздарын марапаттауға уәде берді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Дуров бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Оның айтуынша, Telegram олимпиада жеңімпаздарына жалпы сомасы 106,5 мың доллардан асатын арнайы сыйлықтар табыстайды.
Командалық есепте бірінші орынды Ресей құрамасы иеленді. Жекелей сында Артем Горохов жеңімпаз атанса, қазақстандық Даужан Бекетов екінші орынға тұрақтады.
«Біз келесі айда жеңімпаздарға Telegram атынан сыйлықтарды қауіпсіз түрде табыстау үшін ұйымдастырушылармен байланысып жатырмыз. Жүлделердің жалпы құны 106 500 АҚШ долларынан асады», – деп жазды Павел Дуров.
Қазіргі бағам бойынша бұл сома шамамен 50 миллион теңгені құрайды.