16 тамыз күні таңертең Мәскеу облысына жасалған дрон шабуылынан Wildberries компаниясының тағы бір қоймасы өртенді. Бұл жолы өрт Подольск қаласындағы логистикалық нысанда шыққан, деп хабарлайды dalanews.kz.
Маркетплейстің баспасөз қызметі қызметкерлердің алдын ала эвакуацияланғанын хабарлады. Қазір оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр. Компания қоймадағы жұмыс уақытша тоқтағанымен, тауар қабылдау және тапсырыстарды жөнелту үдерісі басқа логистикалық орталықтарға ауыстырылғанын мәлімдеді.
"Подольскідегі логистикалық нысанға жасалған шабуылдан кейін өрт шықты. Қауіпсіздік талаптарына сәйкес қызметкерлер алдын ала эвакуацияланды. Логистикалық бағыттар қайта құрылып, тауарларды қабылдау мен тапсырыстарды жөнелту басқа нысандарда жалғасып жатыр", - делінген компания хабарламасында.