Дональд Трамп Қазақстанды керемет әрі бай ел деп атады

Ақтоты Жапатова 20 ақп. 2026 10:10

Вашингтонда Бейбітшілік кеңесінің инаугурациялық отырысы өтті. Жиынға Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты, деп хабарлайды Dalanews.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Отырыста сөз сөйлеген АҚШ Президенті Дональд Трамп алғашқы жиынға қатысушыларға тұрақтылықты қамтамасыз ету және Газаны қалпына келтіру ісіндегі ұжымдық күш-жігері үшін алғыс білдірді. Мемлекеттер басшыларын таныстыра отырып, ол Қазақстанды «керемет әрі бай ел» деп атап өтті.

Сонымен қатар, АҚШ көшбасшысы Саммитке қатысушы елдер басшыларын жаһандық деңгейдегі нағыз лидерлер ретінде сипаттап, олардың батыл шешімдері халықаралық диалог пен бейбітшілікті нығайтуға елеулі үлес қосып отырғанын айтты.

Еске салайық, қаңтар айында Қасым-Жомарт Тоқаев Donald Trump бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесінің жарғысына қол қойған болатын. Бұған дейін Қазақстан Президенті Кеңес құрамына кіруге ресми шақырту алған еді. Қазақстанға құрылтайшы мемлекеттердің бірі болу ұсынылған.

Вашингтонның бастамасымен құрылған Бейбітшілік кеңесі Газадағы бейбіт дамуға қатысты міндеттемелердің орындалуын қадағалап, халықаралық ресурстарды жұмылдыру және стратегиялық бақылау жүргізумен айналыспақ.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove