Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы басталды
Aqorda.Kz

Астанада Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды dalanews.kz.

Ақорданың мәліметінше, шараға қатысу үшін Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко және Армения Республикасының Вице-премьері Мгер Григорян Тәуелсіздік сарайына келді.

Мәртебелі меймандарды Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес – Еуразиялық экономикалық одақтың жоғарғы органы. Кеңес отырысында ұйымға мүше мемлекеттер арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту, интеграциялық үдерістерді тереңдету және өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланады деп күтілуде.

Отырыс қорытындысы бойынша бірқатар шешімдер қабылдануы мүмкін.