"ДНҚ тест те керек емес": Тұрсынбек Қабатовтың қызы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

"ДНҚ тест те керек емес": Тұрсынбек Қабатовтың қызы мәлімдеме жасады (ВИДЕО)
ашық дереккөзден

Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемі Тұрсынбекқызы әлеуметтік желідегі парақшасында әкесімен бірге түскен видеосын жариялады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Бейнежазбада әкесі мен қызының қатар тұрған сәті көрсетілген. Видео желі қолданушыларының назарын аударып, көпшілік олардың сырт келбетінде ұқсастық көп екенін жарыса жазған.

Әдемі Тұрсынбекқызы да бұл пікірлерді әзілмен қабылдап, жазбасына: "ДНҚ тест те керек емес", – деп пікір қалдырған.

Желі қолданушылары әкесі мен қызының жылы қарым-қатынасына сүйсініп, олардың бір-біріне қатты ұқсайтынын атап өтті.