Өткен апта Федералды қордың базалық үстемені 0,5-0,75 пайыз аралығына көтеру туралы шешімінен кейін АҚШ валютасы күрт қымбаттаған еді. Ал осы апта басын арзандаумен бастағанының себебін сарапшылар инвесторлардың жыл соңындағы пайданы бөлісуімен байланыстырады.
Ал мұнай бағасы өткен апта доллардың қымбаттағанына байланысты аздап арзандаған еді. Ал бүгін Астана уақытымен 11:30-да Лондон қор биржасындағы қара алтын құны 0,7 пайызға қымбаттап, барреліне 55,5 доллардан асты. Мұнайдың қымбаттау себебін мамандар ОПЕК+ (ұйымға мүше және мүше емес елдер) келісімі бойынша келер жылы өндірісті азайту туралы келісімінің іске асатынына нарықтың ыңғайлануымен түсіндіреді.
"Егемен Қазақстан" газеті