Дж. Джойс және Блумсдэй

Dalanews 02 нау. 2017 10:36 971

 

Ирландияық Джеймс Джойс ХХ ғасырдың басында «Камералық музыка» жыр жинағын, «Дублиндықтар» новелла циклы мен «Суретшінің жас кезіндегі портреті» романын баспадан шығарып үлгересе де асқан бір атаққа ие болмайды. Бірақ 1922 жылы Парижде шектеулі тиражбен жарық көрген «Улисс» романынан кейін барлығы өзгереді. Ол өзінің авторына тіл жеткізсіз танымалдылық пен әлемдік атақ алып келеді. Көптеген мемлекеттерде, оның ішінде Ирландияда да біраз жылға дейін бұл кітап оқуға тыйым салынған кітаптардың қатарында болады. Содан болар, жазушыға өлмейтін әдебиет өмірін сыйлады.

Ал Джойс, әрине, өзінің сенсациялық кейіпкері дублиндық еврей Леаполдь Блумды ойлады ( бас кейіпкердің ұлты кездейсоқ таңдала салмаған, ол сол тұстағы Ирландия котолигіндегі жайға қанық және дублин тіршілігін сырттан бақылаушы кейіпкерді таңдады). Бұл ертегі «Мистер Блумның Дублинда өткен күні» деген атпен «Дублиндықтар» жинағына енуі тиіс болатын. Бірақ Мистер Блумдағы «Блумсдэй» елеулі еңбектің жемісі.

Джойс ғасырлар айдынына шылым шегуге шығып және жай ғана ерекше роман емес, өмірдегі  әр геройдың нәтижелі бейнесін  бір күнге сыйдырады. «Джойстанушылар» Леаполдь Блумның бір күнін адамзат тарихының  ілгері қатынасқа түскен, сондай-ақ, Гомер әдебиетінен заманауи әдебиетке дейінгі  әлемнің бір күндігі секілді деп мойындайды. Автордың  болашақ Ирландия әдебиетіне  әкелетін  «сана ағымы»,  иннавациондық шеберлігінсіз, «Улиссіз», тек ғана Еуропа модернизмі ғана емес, бізге жақын постмодернизмнің өзі мағынасыз болар еді.

 Блумсдэй, автордың өте анық айқындаған кординаталық уақыты: 1904 жыл, 16 маусым күні роман шығарылғаннан кейін бірден жаһандық маңызға ие болды.

16 маусым күнін атап өтуді Джойс өзі ойлап тапты (бұл оның әдеби көз-қарасынан ғана туған жоқ, басқа да себептері бар, ол туралы кейінірек...). Бұл күні жыл сайын салтанатты түскі ас күні мерекесі өтеді. Содан арада біршама жылдар өте келе, 20 ғасырдың орта тұсында, жазушының достары  16 маусым күні Блумның  ізімен Дублинды жаяу аралау үрдісін қалыптастырды. Кейін оған романның  оқырмандары да қосылды. Блумсдэйді тойлау күні 50-жылдардан белең ала берген болатын, яғни ол кезде «Улисс» романы шылымқор инцидентіне байланысты  Ирландияда әлі тыйым салынып тұрған.

1957 жылы  16 маусымда ирландиялық белгілі  жазушылар тобы жыл сайынғы дәстүрмен бұл күнді тойлауға шығады. Бірақ  жолда ұсталғандар көп болды. Себеп: Блумсдэйдің кесірінен дублиндықтар ғана емес, қала зиялылары да маскүнемдікке ұрынып, «халықты елемеу» ұстанымына дейін барған.

 P.S. Осыған байланысты мереке уақытша тоқтатылса керек (аудармашыдан).

1960 жылы роман алғаш Ирландияда басып шығарылды және сол жылдың 16 маусымында сол күнді қайта атап өту мәртебесі берілді. Содан бастап Ирландияда Блумсдэй мерекесі қайта  дәстүрлі түрде роман  кейіпкері Леополдьтың таңғы асы – қуырылған қой етімен және әлем-жәлем киінген  адамдармен атап өтілетін мерекеге айналды. Мерекенің жыл сайынғы атап өтілуі де Джойс ұрпақтары үшін мол қуаныш ( тіпті, жазушының немересі Стефан Джойс та бұл мереке күні көптеген баспаханалар мен театрлық қойылымдарға үлгермей қалғанын айтады). Сондай-ақ, «Улисстің» табынушылары да мейрам күні Блумсдэйді ашық алаңда атап өткенді ұнатады. Блумсдэйді «РиДжойс Дублин-2004» фестивалі деген атпен жүздеген акция құрылымда атап өтті. Дәл сол кезде Джойс және оның шығармашылығы  туралы көптеген фильмдер түсіріліп, бұқаралық ақпарат құралдарынан беріп жатты.

Осы күні мерекені толық тойлап үлгермейтіндіктен  true  бүйрек жеу Блумсдэй күні 14 маусымға шегеріліп, Дублинның О’КОнелл стрит  көшесінде екі күн бұрын «тегін бүйрек» акциясын таратады

 Мерекелеу басқа елдерде де өтті. Ирландия Республикасы Мәдениет министрлігі бекіту және қолдауымен «блумомания» фестивалі әлемнің жартысын дерлік бағындырды.

[caption id="attachment_23530" align="alignright" width="198"] Джеймс Джойс ескерткіші[/caption]

Нағыз әдебиет пен шындықты байланыстыратын «Улисс» романы оқырмандардың  күш-жігеріне оң ықпал етті. Мүмкін, Блум күні өнер шығармашылығына арналған жалғыз  халықаралық фестиваль шығар, бірақ суағарға  әдебиет  мөлдірлігін танытатын  басқа да мысалдар көп. «Байғұс Лиза» - Карамзин (жанкүйерлер ХIII  ғасырда  бас  кейіпкердің  трагедия кешкен жері – тоғанда жиналады); Бейкер-стрит көздеген «Шерлок Холмс оқиғалары» –әлі де «қажылықтың» сарқылмас ағыны; «Ұста мен Маргарита» – бүкіл әлем Патриархтың  айналасындағы Мәскеудің даңқын шығару үшін Булгаковтың оқырмандарына арналған тұрақта  кездесу орнын жасауды үрдіс еткен. Дж.Р.Р-тің «Билік жүзігі» өте көлемді  шығарма, сондықтан кітаптың оқырмандары мен жанкүйерлері сиқырлы әлемде зардап шеккен  жандар бейнесінде қалуды жөн санаған.

Дегенмен, Блумсдэй – ерекше шара, ол оқырмандарға деген ізгі қарым-қатынас көпірі іспеттес.

Сюжеттік қарапайымдылығына қарамастан «Улисс» өте күрделі туынды. Онда шексіз әдеби, діни, тарихи және мифологиялық аллюзий жатыр, және

академик Д.С.Лихачева былай дейді: «Меніңше (жалпы түсінікте), Джойс өзіне оқырмандар шоғырын көп жинайды деп өзімізді алдамауымыз керек. Ол ондай оқырман жинай алмайды. Неге? «Улиссті» бәрі оқи алмайды. Себебі, жазушының ойын дөп басып оқитын оқырман ойы жоқ. Біз Джойс қалай жазады, солай ойлаймыз. Бірақ біз үшін бұл ой ағыны мен сана ағымының жоғары интелектуалды адамға ғана тән екенін есте сақтау өте маңызды. Біз бәріміз Джойс сияқты ойлаймыз деп ойлаудың қажеті жоқ. Ол данышпан адамның ойлау жүйесі (бәріміз данышпан емеспіз ғой). Біз әрқайсымыз Джойстың прозасы сияқты ойлауға қабілетті болайық...».

Қандай себеппен және кімнің арқасында осындай бағалы әрі шектеулі туынды жарыққа шықты? Әрине, Джойстың шынайы суреткерлік қиялының арқасында. Жазушының «Улисстағы» Дублинды жаңартып, сипаттап жазғанындағыдай, «егер қала жер бетінен жоғалса, кітаппен оны қалпына келтіруге болады».

Қызық дерек, Джойстың «топографиялық мұқияттылығы» П.Вейлдің «Мекен данышпаны» кітабын жазуға себеп болады. Джойс «Улиссті»  жазып жатқанда тәтесі Триестке хат жібергені баяндалады. Хатта: «Теңіз жағалауынан көрінетін  сэндимаунттық шіркеу жұлдыздары бар ма?» делінген. Оған сонда бөлшектердің дәлдігін байқау маңызды болған. Сол себептен де «Улисстің» шынайылығы есте ерекше сақталған. Дублин көшелерінде, үйлердің дуалында, тротуарларда кітаптағы үзінділер жазылған деседі. Қалай қарасаңыз да өз еркіңізде! Бірақ бұл әлем құмарлығының Блумсдэйлік зор үлгісі.

Мәселе біз ойлағандай болмауы да мүмкін. «1904, 16 маусым» уақыты Джойсқа кездейсоқ түспеген. Бұл күн болашақ Джойс ханым, яғни Нора Барнаклмен де кездескен күн еді. Дәл осы күннен басталған «Улисс»- махаббат пен өмір жайлы роман.

Адамға тірлікте белдесіп жүргенін дәлелдеу арқылы Джойс өзіне өлмейтін өмір сыйлады және сезім түйсіктерінің  пернесін дөп басып, әдебиет дейтін әсем әлемнің есігін біржола ашып, кілтін өзімен бірге алып кетті.

 

Аударған Санжар Бекжанов,


«Солақайлар» әдеби клубы


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар