Астанада дипломатиялық корпусқа жаңа Конституция жобасы таныстырылды

Самал Асқар 16 ақп. 2026 18:35

Астанада Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның жұмысы қорытындыланып, дипломатиялық корпус өкілдеріне брифинг өтті, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Шараға Қазақстанда аккредиттелген 80-ге жуық елшілік пен халықаралық ұйым басшылары қатысты. Кездесу барысында жаңа Конституция жобасының негізгі жаңашылдықтары таныстырылды.

Айта кетейік, Президент 2026 жылғы 15 наурызда жаңа Конституция жобасы бойынша республикалық референдум өткізу туралы Жарлыққа қол қойған. Жоба Конституциялық комиссия мен парламенттік жұмыс тобының бірнеше айлық жұмысының нәтижесінде әзірленді. Комиссия отырыстары онлайн форматта өтіп, шамамен 1 миллион қаралым жинаған. Азаматтардан 12 мыңға жуық ұсыныс түскен.

Брифингте атап өтілгендей, жаңа Конституцияда адам құқықтары мен бостандықтары басты құндылық ретінде айқындалады. Меншікке, тұрғын үйге қол сұғылмаушылыққа, жеке өмір мен дербес деректерді қорғауға қатысты кепілдіктер күшейтіледі. Мемлекеттің заңсыз әрекеттері үшін конституциялық жауапкершілігі енгізіледі.

Комиссия төрағасы Эльвира Азимова референдум қазақстандықтар үшін елдің даму бағытын айқындайтын маңызды күн болатынын айтты.

Жоба сондай-ақ бір палаталы Құрылтай моделіне көшуді және заң шығару бастамасы құқығы бар Халық Кеңесін құруды көздейді. Халықаралық шарттар елдің құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде сақталады.

Дипломатиялық корпус өкілдері ұсынылған ақпараттың ашық әрі мазмұнды болғанын атап өтті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove