Түні бойы жанжал, таңертең жабық сот: Эльмира Жанабыловтың талабымен келісті

Түні бойы жанжал, таңертең жабық сот: Эльмира Жанабыловтың талабымен келісті
Dala News

Түні бойы әлеуметтік желіде бұрынғы жұбайымен арадағы жанжал туралы ашық айтып, бірнеше сторис жариялаған Эльмира бүгін сот отырысында істі жабық қарау туралы Ерболат Жанабыловтың өтінішін қолдады, деп хабарлайды dalanews.kz.

Астанада Ерболат Жанабыловқа қатысты сот отырысына журналистер де келді. Алайда отырыс барысында Жанабылов процесті БАҚ өкілдері үшін жабу туралы өтініш білдірді. Эльмира бұл өтінішке қарсылық білдірмей, оны қолдады.

Нәтижесінде сот істі жабық режимде қарау туралы шешім қабылдады. Осыдан кейін сотқа келген журналистер процестің әрі қарайғы барысына қатыса алмайтын болды.

Сотта істі жабық қарау қажеттілігі отбасылық жағдайларға байланысты екені айтылды.

Алайда осы жерде заңды сұрақ туындайды: егер бұл тек отбасылық мәселе болса, онда неге оқиға түні бойы әлеуметтік желіде жария талқыланды?

Эльмира бұған дейін әлеуметтік желідегі стористерінде бұрынғы жұбайымен арадағы жағдай туралы ашық айтып, көпшіліктің назарын аударған еді. Ал бүгін сол істің сотта қаралуын БАҚ өкілдерінен жабуды өзі қолдады.

Яғни әлеуметтік желіде барлығы ашық айтылғанымен, мәселе сотқа жеткен кезде процесс жабық есіктің ар жағында жалғасатын болды.

Сұрақ біреу: онда журналистерді сотқа шақырудың, бүкіл жағдайды жария талқылаудың мәні неде еді?