Елордада жылыту маусымы 2 қазаннан бастап іске қосылады. Бұл туралы «Астана-Теплотранзит» компаниясы мәлімдеді, деп хабарлайды dalanews.kz.
Кәсіпорынның мәліметінше, тұтынушыларды жылу энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін қажетті дайындық жұмыстары толық аяқталған.
«Астана-Теплотранзит» жылу энергиясын тасымалдау және оны тұрғындар мен ұйымдарға жеткізу бойынша барлық қажетті шараларды орындауға дайын екенін мәлімдеді.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев еліміздің бес өңірінде жылыту маусымы басталғанын хабарлаған болатын.