Министрдің сөзіне қарағанда көпір салдыр-салақ жүргізілген дәнекерлеу жұмыстарының кесірінен құлап тынған.
– Бұдан бұрын металдан ба деп ойлағанбыз. Тексердік. Темірде ақау жоқ екен. Тек «сварщиктер» дұрыс жұмыс жүргізбеген, – деді Ішкі істер министрі Қ.Қасымов.
Айта кетсек, былтырғы жылдың қарашасында ЭКСПО аумағында ұзындығы 100 метрге жақын аспалы көпір қирап қалған. Бастапқыда «көпір сапасыз темірдің кесірінен құлады. Металды көпір құрылысына сай таңдамаған» деген болжам айтылған-тұғын.