Депутаттың сөзі сотта тексеріледі

Самал Асқар 15 қаң. 2026 21:44

Астанада Мәжіліс депутаты Еділ Жанбыршинге қатысты қазақстандық азаматтың шағымы бойынша сот ісі басталды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Арызды Виталий Шевченко есімді азамат берген. Ол депутаттың Facebook желісіндегі жазбасын өзін қорлайтын деп санап, сот арқылы мәліметті «ар-намыс пен қадір-қасиетті кемсітетін» деп тануды және Жанбыршиннен көпшілік алдында кешірім сұратуды талап етеді.

Талапкердің айтуынша, депутаттың жазбасы Қазақстандағы ЛГБТ өкілдерінің құқықтары жөніндегі талқылау кезінде жарияланған. Алдымен Шевченко Мәжіліске шағым жолдаған. Алайда парламент аппараты депутаттың әрекетін пікір білдіру деп бағалап, жауапкершілікке тартуға негіз жоқ екенін хабарлаған. Сонымен қатар, Мәжіліс жанындағы депутаттық этика кеңесінің төрағасы Бақтықожа Ізмұхамбетов азаматқа сотқа жүгінуді ұсынған.

Осыдан кейін Шевченко Астананың ауданаралық азаматтық сотына талап арыз берді. Сот «жауапкер таратқан мәліметтерді қорлайтын және абырой мен қадір-қасиетке нұқсан келтіретін деп тану, сондай-ақ жауапкерді жария түрде кешірім сұрауға міндеттеу» жөніндегі істі қарауға қабылдады.

14 қаңтарда алдын ала тыңдау өтті. Келесі сот отырысы 22 қаңтарға белгіленген.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove