Депутаттың қашуы, БАҚ-ты тінту: Қырғызстанда не болып жатыр?

Dalanews 17 қаң. 2024 06:02 1261

Қырғыз саясаттанушысы Игорь Шестаков Tengrinews.kz тілшісіне елде соңғы кездері болып жатқан жайттарға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Dalanews.kz тілшісі.

Бірнеше күннен бері Қырғызстанда саяси жайт болып,  БАҚ-та қызу талқыға түсті. Мысалы 9 қаңтарда Жогорку Кенеш депутаты Эмиль Жамғыршиев екінші қабаттың терезесінен секіріп, парламент ғимаратынан қашып кеткен. Себебі депутаттар шекараны заңсыз кесіп өту туралы іс бойынша Жамғыршиевті қылмыстық жауапкершілікке тартуға келісім берген болатын.

Одан бөлек, 15 қаңтарда елдегі ірі БАҚ-тың бірі 24.kg редакциясында тінту жұмыстары жүріп, басылым басшылары полиция бөлімшесіне шақырып, жауап алынған. Сол күні ел президенті Садыр Жапаров сұхбат беріп, бүгінде елде билікті ауыстыруға еш негіз жоғын айтқан болатын.

Жергілікті саясаттанушы Игорь Шестаков осы жайттарға қатысты өз ойын айтты. Оның сөзінше, Қырғызстан үшін қазіргі парламентшілерге қатысты заңсыз әрекеттерді тергеу жөніндегі комиссия жиі кездесетін жағдайға айналған. Ал Жамғыршиевке қатысты жағдайда елдің назары оның қашып кетуіне ауған. Тіпті бұл түрлі мемнің пайда болуына әсер еткен.

«Егер Жамғыршиевтің өмірбаянына қарасақ, депутаттық қызметіне дейін ол экономикалық қылмыстарға қарсы қызметте жұмыс істеген, бәлкім сол кездері Өзбекстанмен, контрабандамен қандай да бір байланыстары болған шығар. Оған қатысты тергеу сол жұмысымен байланысты болуы мүмкін. Не дегенмен де депутаттық қашып кеткені болмаса, ауыз толтырып айтатындай жайт емес. Жамғыршиев артынша тергеуге ақыры келіп, қамауға алынды», - дейді Игорь Шестаков.


Сонымен қатар, саясаттанушы елдегі БАҚ-тарға жүргізілген тінту жұмыстарына қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, елде кез келген БАҚ-қа қарсы жасылған күш әрекеттері қызу талқыға түсіп, резонанс тудырады. Басылымның өзінің елде билікке де, оппозицияға да қатысы жоқ. Әдетте ұстанымы бейтарап болған. Редакция өкілдері кейбір жаман ниет білдірушілер тарапынан айыптау болғанын мәлімдейді. Осыған қарамастан, жауап алғаннан кейін басылым жұмысын жалғастырды.

Сондай-ақ, Игорь Шестаков ел президенті Садыр Жапаровтың мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді. Оның сөзінше, қазір елдегі биліктің өзгеруіне негіз жоқ, саясаттанушы олардың өткен революциялардан кейін әр көктем мен күзде пайда болатын республиканың дәстүрлі саяси толқуларға деген үмітімен байланысты болуы мүмкін екенін атап өтті. Әдетте осы кезеңде болатын әрбір ірі митинг үлкен оқиғалар мен билікті күштеп өзгертуге тырысу ретінде қабылданады.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар