⁠Депутаттарға жаңа төлем енгізілуі мүмкін

Самал Асқар 22 сәу. 2026 14:02

Қазақстанда мәслихат депутаттарына әлеуметтік төлемдер қарастыру ұсынылды, деп хабарлайды Dala News.

Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасына сәйкес, егер мәслихат таратылған жағдайда тұрақты негізде жұмыс істейтін депутаттарға үш айға дейін орташа айлық жалақы мөлшерінде жәрдемақы төлеу көзделіп отыр.

Сонымен қатар құжатта іссапар шығындарын өтеу нормасы бекітіледі. Бұдан бөлек, депутаттарға қатысты тәртіптік шаралар енгізу ұсынылған.

Атап айтқанда, депутаттарды дауыс беру құқығынан немесе сессияға қатысудан уақытша шектеу мүмкіндігі қарастырылған. Ал тұрақты негізде жұмыс істейтін депутаттарға бір күндік жалақыны ұстап қалу түріндегі жауапкершілік шарасы енгізіледі.

Заң жобасы әзірге талқылау сатысында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
// Banner remove