Депутат Дайрабаев партиядағы қызметінен не үшін кеткенін түсіндірді

Көркем Алдабергенова 05 нау. 2025 14:51 512

Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев "Ауыл" партиясындағы қызметінен не үшін кеткенін түсіндірді, деп хабарлайды Dalanews.kz.

"Партияға жастар келіп жатыр. Ол депутаттық сауалыммен байланысты емес", деп қысқа қайырды Дайрабаев.

27 ақпанда өткен «Ауыл» партиясы саяси кеңесі төралқасының отырысында Жигули Дайрабаев партия төрағасының орынбасары қызметінен босатылды. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі жеткізді. 

Дайрабаев 2023 жылдан бері VIII шақырылған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты қызметін атқарып келеді. Ол Қазақ ауылшаруашылығы институтында білім алып, ғалым-агроном мамандығын меңгерген.

Әр жылдары түрлі лауазымдарда қызмет еткен:

  • 2015-2019 жылдары – «Қазақстан фермерлер одағы» ҚБ-ның Жамбыл облыстық филиалының төрағасы;
  • 2019 жылдың желтоқсанынан бастап «Қазақстан фермерлер одағы» ҚБ президенті;
  • 2020 жылдың маусымынан Қазақстан фермерлері қауымдастығының басқарма төрағасы;
  • 2022 жылдың маусымынан «Атамекен» ҚР Кәсіпкерлер палатасы Агроөнеркәсіптік кешені комитетінің төрағасы;
  • 2022 жылдың желтоқсанында «Ауыл» ХДП төрағасының орынбасары болып сайланған;
  • 2021 жылы Жер реформасы жөніндегі республикалық комиссия төрағасының орынбасары болды.

Жигули Дайрабаевтың жалпы еңбек өтілі 52 жылдан асады, оның 49 жылында басшылық қызметтерде жұмыс істеген.

Айта кетейік, жуырда депутат Мәжіліс мінберінде Солтүстік Қазақстанға барып, басқа мемлекетте жүргендей сезінгенін айтты.

Мәдениет және білім беру мәселелері бойынша заңдарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасын талқылау барысында депутат Жигули Дайрабаев тіл мәселесін көтерді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар