Депутат Дәулет Тұрлыханов әнші Роза Рымбаеваға көлік мінгізді

Депутат Дәулет Тұрлыханов әнші Роза Рымбаеваға көлік мінгізді
instagram.com/abaiaqparatkz/

Абай облысы Қалбатау ауылында ашық аспан астында ауқымды гала концерт ұйымдастырылды, деп хабарлайды dalanews.kz.

Кеш барысында сахнаға Қазақстанның Халық әртісі Роза Рымбаева, Әли Оқапов, Мәди Рымбаев, Медеу Арынбаев және Kalifarniya секілді әншілер шыққан.

Концерттің ерекше сәтінің бірі Роза Рымбаеваның өнер көрсетуі болды. Көрермендер әншіні ыстық ықыласпен қарсы алып, оның әндерін бірге орындаған. Сонымен қатар, іс-шара барысында Дәулет Тұрлыханов әнші Роза Рымбаеваға көлік мінгізген.

Айта кетейік, мәдени іс-шара Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың қолдауымен өткізілген.