Депутат Базарбек «СК-Фармацияға» қарсы қылмыстық іс қозғауды талап етті

Көркем Алдабергенова 04 мау. 2025 17:00

Мәжіліс отырысында депутат Бақытжан Базарбек «СК-Фармация» компаниясының жұмысын қатаң сынға алды, - деп хабарлайды Dalanews.kz.

Оның айтуынша, компания жұмысына енгізілген жаңа тәсілдер ешқандай оң нәтиже бермей, керісінше, дәрі-дәрмек бағасының екі есеге көтерілуіне және 14 миллиард теңгеден астам шығынға әкелген.

Сондай-ақ депутат Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан логистикалық қызметтерді сатып алудың жаңа моделіне қатысты шешімдердің уақытылы қабылданбауы салдарынан, 2025 жылдың алғашқы төрт айында мемлекет 748 миллион теңге үнемдей алмады деп мәлімдеді.

Жеткізу жүйесінің бұзылуына байланысты медициналық ұйымдар дәрі-дәрмекті қымбат бағамен сатып алуға мәжбүр болған.

Бақытжан Базарбек тек басшылықты қызметінен босату жеткіліксіз екенін айтып, қылмыстық іс қозғауды талап етті.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар