Депутат Бапи Қазақстандағы МРТ бағасы Еуропаға қарағанда "құдайға шүкір" екенін айтты

Көркем Алдабергенова 30 сәу. 2025 11:15 283

Мәжіліс отырысында Ермұрат Бапи Қазақстан мен Еуропадағы МРТ бағасын салыстырды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Депутаттың сөзінше, ол былтыр сырқаттанған уақытында магнитті-резонансты томографияға (МРТ) түскенін айтты. 

"Былтыр ауырып қалғанымда екі рет Еуропаға барып, емделіп қайттым. Сол кезде МРТ бағасы 870 еуро болған кезде, ал компьютерлік томография бағасы 750 еуро болған кезде Қазақстандағы бағаны "құдайға шүкір" деп ойладым. Дегенмен МӘМС мәселесі қозғалғанда қоғам тарапынан наразылық болып жатады. Осы тұрғыда талқылау барысында МӘМС-тің басқарма құрамына қоғам мүшелерін кіргізу немесе қызметін бақылайтын комиссия құру мүмкін бе?" деп сұрады Ермұрат Бапи. 

Бұл сұраққа денсаулық сақтау министр Ақмарал Әлназарова жауап берді. Оның сөзінше, бұл мәселеде қоғамдық бақылау қажет. 

"Ұсынысыңыз дұрыс, оны қолдаймыз. Денсаулық сақтау министрлігі ұсынысыңызды қолдап, заңға енгізу керек болса енгіземіз. Құрамды жаңарту туралы ұсыныс болса, қарастыруға дайынбыз", дейді министр. 


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар