Депутат Әлиев журналистің қойған сұрағына ренжіп қалды

Қаракөз Амантай 26 жел. 2025 13:06

Депутат Болатбек Әлиев журналистің қойған сұрағына ренжіп қалды, деп хабарлайды Dalanews.kz.

Мәжіліс дәлізінде "Еуразия" арнасының журналисі Ақбөпе Тәңірберген шенеунікке "Неге кәсіпкерлер депутат болуға ұмтылады?" деп сұрақ қояды. Алайда Әлиев журналистің сұрағын жақтырмай, ашуға булығып, жауап беруден бас тартады.

Онысымен қоймай “неге журналистер депутат болады?” - деп журналистің өзіне қарсы сауал қояды.

Айта кетейік, бұған дейін журналист Михаил Козачковтың үстінен арыз берген Мәжіліс депутаты Болатбек Әлиев сотта жеңіліп қалған еді.

Журналист Михаил Козачковтың айтуынша, депутат оны "жала жапты" деп жауапқа тартуды талап еткен. Бірақ сот бұл уәжді қолдамады.

"Сот менің іс-әркетімнен ешқандай құқықбұзушылық құрамын таппады. Сонымен, Алиев толықтай жеңілді. Оның адвокаты тіпті мені Конституцияны бұзды деп айыптауға тырысты, бірақ сотқа бұл дәлел әсер етпеді", – деді Козачков.

Шешім күшіне енген соң журналист пен оның қорғаушылары бұл істі заңсыз қозғаған тұлғалардан өкілдік шығындарын өндіріп алуды жоспарлап отыр.

Козачков талап қоюға ниетті тұлғалардың тізімін атады:

  • бұрын қылмыс үшін сотталған, кеден саласынан жемқорлықпен жұмыстан босатылған депутат Болатбек Алиев;
  • заңсыз хаттама жасаған учаскелік полиция қызметкері Айдос Жәмішев;
  • Бостандық аудандық полиция басқармасының жергілікті полиция қызметінің бастығы Олжас Елгондыев;
  • құжаттарға қол қойған басқарма басшысының міндетін атқарушы Денис Лоскутов.

Бұл іс қоғам назарын ерекше аударған болатын. Себебі журналиске қатысты әкімшілік қудалау сөз бостандығына қысым көрсету ретінде бағаланған еді.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар